Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты бойынша 2021 жылға арналған болжам

 

«Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 112001015 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 22 697,0 мың теңге сомасында шығыстар жоспарланып отыр.

         Штатта 10 адам бар: оның ішінде, мәслихат хатшысы – 1 бірлік, аппарат басшысы – 1 бірлік, ұйым.бөлімнің басшысы – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік. Техникалық қызметкерлер:  жүргізуші – 1 бірлік, 0,25 бірлік – компьютерлік техникаға қызмет көрсету бойынша техник және 0,5 бірлік – аудармашы-редактор және  басшының хатшысы- 1 бірлік.

Еңбекақы төлеуге -11 078,0 мың теңге жоспарланған. Тиісінше әлеуметтік салық жоспарланған шығыстар бойынша сомасы 598 мың теңгені құрайды, сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға-349,0 мың теңге және міндетті медициналық сақтандыруға-222,0 мың теңге. Демалысқа сауықтыруға сомасы 1 846,0 мың теңгені құрайды.

Техникалық қызметкерлердің салықпен еңбекақысы 2 425,0 мың теңгені құрайды.

Автокөлікке қызмет көрсету үшін 192,6  мың теңге сомасында және  621,0 мың теңге сомасында жанармайға, жұмыс істеу үшін қажетті кеңсе тауарларға, жабдықтар үшін материалдарға, мерзімді баспа шығарылымдарға жазылуға шығындар – барлығы 631,0  мың теңге жалпы сомада жоспарланды.

Байланыс қызметтері үшін шығыстар 706 мың теңгені құрайды, ол Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзіне қосылуды қамтиды), тариф үшін ай сайынғы төлем.

Басқа қызметтер мен жұмыстар 2 496,0 мың теңгені құрайды: ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету бойынша қызметтер 96,0 мың теңгені құрайды. Банктік қызметтер 54,0 мың теңге, картридждерді толтыру бойынша өзге де шығыстар сомасы 63,0 мың теңгені құрайды, елтаңбалы бланкілерді дайындау -77,0 мың теңге, «1 С бухгалтерия» бағдарламасын сүйемелдеу – 138,0 мың теңге; МОИП сүйемелдеу -55,0 мың теңге; хостинг және домин – 32,0 мың теңге; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер -341,0 мың теңге; «Парус» бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызметтер -432,0 мың теңге;; «ЭҚАБЖ» бағдарламасын сүйемелдеу бойынша қызметтер -1 203,0 мың теңге.

Іссапар шығындары 1 454,0 мың теңге сомасында жоспарланып отыр. Депутаттар саны 12 адам, аппарат қызметкерлері-6 адам үшін шығыстар -1 174,0 мың теңгені және техникалық қызметкерлер үшін 280,0 мың теңгені құрайды.

 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 112003000 бағдарламасы бойынша 451,0  мың теңге сомасында шығыстар жоспарланып отыр.

   «Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу» 112003015414 бағдарламасы бойынша:  моноблок сатып алу үшін 451,0 мың теңге сомасында шығыстар, себебі ескі 302,8 мың теңге сомасында ескірген. 148,4 мың теңге сомасында МФУ сатып алу.