Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Ажар Бегендікқызы Абылкаирова

 

1 

Өмірбаяны:

  1988 жылғы 14 сәуірінде Ақмола облысы, Есіл ауданы, Ярославка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2005 жылы Шарбақты ауданындағы А. Құнанбаев атындағы мектепті бітірген. 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Шарбақты аудандық Тарихи-аймақтық мұражайында, аудармашы қызметінен бастап 2009 жылға дейін істеген, 2009, 2010 жылдары А.Құнанбаев атындағы мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2010, 2011 жылдары аудандық оқу бөлімінің аналитика жөніндегі әдіскер, 2011 – 2013 жылдары аудандық «Трибуна» газетінің тілшісі, 2013 – 2017 жылдар аралығында Алматы қаласында «Грант» жеке кәсіпкерлікте аудармашы, 2018 - 2019 жылдары «Шарбақты ауданының оқу бөлімі» ММ жетекші маман, 2019 жылдан қазіргі күнге дейін Шарбақты ауданының «Sharbaqty” газетінің  (редакторы) директоры болып істеуде