Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Айдолда Радат

 

 9

Өмірбаяны:

  1982 жылғы 13 қаңтарда Монғолия Республикасы, Баян Өлгий аймағы Уланхус ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1999 жылы Ақмола облысы, Степняк ауданындағы «Ақбұлақ» орта мектебін бітірген. 2000 жылы Павлодар қаласындағы  «Мұрагер» медресесін, 2001 жылы Павлодар қаласындағы  «Мәшһүр - Жүсіп» мешіті жанындағы медресені, 2009 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтын «Имам – Хатиб» мамандығы бойынша, 2011 жылы «Павлодар көп профильді колледжін» құқықтану мамандығы бойынша, 2015 жылы Павлодар инновациялық еуразиялық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы 1 қаңтарда Шарбақты ауданындағы «Қызыр» мешітінде Азаншы, 2003 жылғы 16 наурыздан 2012 жылға дейін Найб имам болып істеген. 1.10. 2012ж.– 5.02. 2018 ж. «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік инспектор, 5.02.2018 ж.– 11.09.2019 ж. Шарбақты ауданы әкімдігінің «Шарбақты ауданының ветеринарлық станциясы» КМК Заң және кадр бойынша инспектор, 13.09.2019ж. бастап қазіргі күнге дейін Шарбақты ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман болып істеуде.