Шарбақты  аудандық мәслихатының

2021 жылғы 10 наурыздағы

                                                                        № 10/3  шешімімен бекітілді



 

«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Шарбақты аудандық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады .

2. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шарбақты  аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Шарбақты  аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар.

7. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

8. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, ғимарат 49.

Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шарбақты аудандық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение «Аппарат маслихата Щербактинского района».

11. Осы Ереже «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік

мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,  құқықтары мен міндеттері

 

14. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Мәслихат аппараты депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

15. Міндеттері:

1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;

7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;

2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларының әзірленуін бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;

3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;

5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Шарбақты аудандық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;

2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;

5) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;

6) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

 

3. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты»

  мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.

19. Аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.

20. Шарбақты аудандық мәслихаты хатшысының орынбасарлары болмайды.

21. Шарбақты аудандық  мәслихаты хатшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының              24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;

11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

12) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;

13) мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ;

14) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

15) «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;

16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.

Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

22. Шарбақты аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

23. Шарбақты аудандық мәслихаты аппаратының күн сайынғы жұмысын аппарат басшысы ұйымдастырады және жүзеге асырады.

24. Шарбақты аудандық мәслихат аппаратының басшысы:

1) мәслихат хатшысымен мәслихат аппаратына тапсырылған функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) мәслихат аппараты мен оның қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды және үйлестіреді;

3) мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіреді;

4) қызметтік құжаттаманы қарайды және қол қояды;

5) атқарушылық және еңбек тәртібін, сондай-ақ іс жүргізуді бақылайды;

6) мәслихат аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәслихат хатшысына ұсыныстар енгізеді;

7) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, сыйлықақы беру, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерін келіседі;

8) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметін бақылайды;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Мәслихат аппаратының басшысы болмаған кезде оның міндетін атқару мәслихат аппараты қызметкерлерінің біріне жүктеледі.

6. Аппарат басшысының орынбасарлары болмайды.

25. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

 

 4. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

26. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

 «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

28. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату

 

29. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

30. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік ауданның коммуналдық меншігінде қалады.