Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы

 Нұрлыбек Сахипұлы Қизатов

 

kizatov1

          Қизатов Нұрлыбек Сахипұлы 1963 жылы 28 қарашада Шарбақты ауданының «Жаңа-ауыл» ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Жаратылыстану мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы  «Жаңа ауыл» ауылының «Абай»  ұжымшарында  шопанның көмекшісі болып бастаған.

13.04.1982-03.05.1984 Кеңес Әскері қатарындағы қызмет.

20.02.1989 – 21.01.1991 ж. Жаңа – ауыл орта мектебінің биология пәні мұғалімі.

18.08.1991 – 14.12.1993 ж. Жаңа – ауыл орта мектебінің биология пәні мұғалімі.

17.01.1994 ж. – 09.07.2010 ж. Ішкі істер органдарындағы қызмет.

08.08.2013 ж. - 10.10.2013 ж. «Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің м. а.

10.10.2013 ж. – 15.04.2018 ж. «Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ әкімі.

01.10.2019 жылдан Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 15 қаңтарда Шарбақты аудандық мәслихатының хатшылығына сайланды

            «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

            Отбасылық, үш ер жеткен ұлдары бар.