ХАБАРЛАМА 

         2021 жылғы 27 желтоқсан сағат 9.30 Шарбақты ауылында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІ сайланған кезектен тыс  ХХІ сессиясы  ZOOM платформасы бойынша жүргізіледі және Aitube платформасы бойынша көрсетілім таратылады

         Сессияда келесі мәселе талқылауға ұсынылады:         

  1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Шарбақты ауданының ауылдық

округтерінің бюджеті туралы

                    Аудандық

             мәслихат хатшысы                                  Н. Кизатов

ХАБАРЛАМА 

         2021 жылғы 24 желтоқсан сағат 18.00 Шарбақты ауылында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІ сайланған кезектен тыс  ХХ сессиясы ZOOM платформасы бойынша жүргізіледі және Aitube платформасы бойынша көрсетілім таратылады

         Сессияда келесі мәселе талқылауға ұсынылады:         

1. Шарбақты ауданының 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

                     Аудандық

             мәслихат хатшысы                                 Н. Кизатов


 

ХАБАРЛАНДЫРУ

22-12-2021

Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан Шарбақты аудандық қоғамдық кеңісінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс жариялайды.

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26  ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерінің сандық құрамы 10 адамнан белгіленді, оның ішінде  азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады.Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері  осы хабарландыру жарияланған күннен кейін  10 жұмыс күні ішінде       Шарбақты аудандық мәслихатына (Шарбақты а.,Тәуелсіздік көшесі 51, каб.2,  байланыс телефоны: 8 (71836) 2-12-72, 2-20-60,  09:00 ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін))  Шарбақты аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:      

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шарбақты ауданында тұрақты тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

           

                                                          

Аудандық қоғамдық кеңесін

 қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы


 

ХАБАРЛАМА 

         2021 жылғы 14 желтоқсан сағат 10.00 Шарбақты ауылында Шарбақты ауданы әкімдігінің мәжіліс залында VІІ сайланған кезекті  ХІХ сессиясы шақырылады.

         Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:         

1.2021 жылы орындаған жұмысы туралы Шарбақты аудандық

мәслихатының Бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

2. 2021 жылы орындаған жұмысы туралы Шарбақты аудандық

мәслихатының Заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

3. 2022 жылға арналған Шарбақты  аудандық мәслихаты және оның

 тұрақты комиссияларының  жұмыс жоспарын бекіту туралы

4. «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағын беру  туралы

5. Басқа да мәселелер 

 

                Аудандық

        мәслихат хатшысы                                  Н. Кизатов


 

 ХАБАРЛАМА

         2021 жылғы 2 желтоқсанда Шарбақты ауылында Шарбақты аудандық мәслихатының ғимаратында "ZOOM" платформасы арқылы VІI шақырылымның ХVІІІ кезектен тыс сессиясы шақырылады.

         Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:         

         1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған Шарбақты ауылдық округтерінің бюджеті туралы» № 287/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. 2022 жылға арналған Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 мамырдағы «Шарбақты ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 251/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

                  Аудандық

             мәслихат хатшысы                                            Н. Кизатов