ХАБАРЛАМА

         2021 жылғы 16 қазанда сағат 10.00-де Шарбақты ауылында Шарбақты ауданы әкімдігінің мәжіліс залында VII шақырылымның XVII кезектен тыс сессиясы шақырылады.

         Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:         

         1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 284/84шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шарбақты ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы.

3. Шарбақты аудандық мәслихатының «VII шақырылған Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясын құру және олардың құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 3/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы «Шарбақты ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 153/46 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі «Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»№ 208/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Шарбақты ауданында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 245/73 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 мамырдағы «Шарбақты ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»№ 251/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі аудандық арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

9. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 қаңтардағы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы»  № 50/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

10. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 44/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

11. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестіру, даулы мәселелерді шешу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 40/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

12. Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы «Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» № 43/14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

13. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі  «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" № 128/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.