Бүгін Шарбақты ауылында Шарбақты ауданы әкімдігінің мәжілістер залында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІ сайланған кезектен тыс ХVІ сессиясы өткізілді.
Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылды:
1. Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау
туралы есебі.
2. Александровка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі
3. Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы  № 136/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «Шарбақты ауданының жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 288/85 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сұрақтар Шарбақты ауданының депутаттарымен қаралып, бекітілді.

17   18   19

20   21   22