Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кирьянов Д. Н. «Nur Otan» партиясы Шарбақты филиалының бірінші орынбасары аудандық мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Б. Әбілқайыровамен және «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ секторының меңгерушісі А. Лисинмен «Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларына» өзгерістер енгізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Сондай-ақ, осы кеңес аясында ҚР Әділет Министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің бас сарапшысы Э.Ж. Шамшудиновамен телефон арқылы әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар мәселелер реттелді.

23