24

Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. С. Қизатов аудан әкімі А. Қ. Әбеуовпен және ардагерлер кеңесінің төрағасы С. В. Шпехтпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Ефим Емельянович Петренконы 104 жылдығымен құттықтады.
Ефим Емельянович 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы ҰОС фашистік Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Өмірлік тәжірибесі мол ардагер үлгі бола алады.
Ефим Емельяновичке осындай құрметті жаста мықты денсаулық тілейміз. Үлкен кәсіби жолдан өтіп, болашақ ұрпақтың игілігі үшін үлес қосқаныңыз үшін алғысымызды бірдіреміз.