2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 219/66 Шарбақты аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ

I – тоқсан

   1. Шалдай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
   2. Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және мүгедектерді оңалту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру жөніндегі шаралары тұрғысындағы жұмысы туралы.
   3. Шарбақты аудандық мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

II – тоқсан


   1. 2019 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
   2. Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету және 2020 жылға арналған болжам бойынша жұмысы туралы.
   3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму бойынша жүргізілген жұмыстар және малдан шыққан қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ветеринариялық - санитарлық объектілердің жай-күйі туралы.

III – тоқсан


   1. Аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау туралы есебі.
   2. Шарбақты ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы.
   3. Шарбақты ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар және жағдайы туралы.


IV – тоқсан


   1. 2021 – 2023 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
   2. Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2020 жылғы жұмысы туралы есебі.
   3. Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2020 жылғы жұмыстары туралы есебі.
   4. Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Бюджет және әлеуметтік-экономикалық
даму мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2020 жылға арналған
ЖОСПАРЫ

I- тоқсан


   1. Шарбақты ауданының мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы.

II- тоқсан


   1. 2019 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.


III- тоқсан


   1. «Шарбақты ауданының Галкино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы бюджет қаражатын тиімді пайдалануы туралы.

IV- тоқсан


   1. Шарбақты ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.
   2. Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттерінің жобасы туралы.

 


Аудандық
мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2020 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

I- тоқсан


   1. Шарбақты ауданының мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріндегі өртке қарсы жағдайы туралы

II- тоқсан


   1. Шарбақты ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы.

III- тоқсан


   1. Шарбақты ауданындағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы.


IV- тоқсан


   1. Шарбақты аудандық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы.