2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 276/85 Шарбақты аудандық
мәслихатының шешіміне
Қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылға жұмыс
ЖОСПАРЫ

I – тоқсан

1. Галкин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
2. Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде        жастарды тарту және бекіту, олардың шығармашылығын іске асыру, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау                жөніндегі жұмысы туралы.
3.  Шарбақты аудандық мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі.


II – тоқсан

1.  2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.   

2. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.

3. Шарбақты ауданында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы туралы.

4. Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының жайылымдарды сапалы жақсарту және ұлғайту жөніндегі жұмысы туралы.

 

III – тоқсан

 

1. Аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау туралы     есебі.

2. Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі.

3. Шарбақты ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар және жағдайы        туралы.

IV – тоқсан

 

1. 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
2. Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі          тұрақты комиссиясының 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.
3. Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты                                комиссиясының 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
4. Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту                  туралы.
     

Аудандық

 мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

I- тоқсан

 

Шарбақты ауданында қашықтықтан білім беру сапасы туралы.
Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.


 II- тоқсан

 

Шарбақты ауданында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту туралы.
Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз орта құру жөніндегі жұмысы туралы.


III- тоқсан

 

Шарбақты ауданында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның жұмысы туралы.
Шарбақты ауданындағы эпидемиологиялық жағдай туралы.


IV- тоқсан

 

  1. Шарбақты аудандық мәслихатының шешімдерінің орындалуы туралы.

 

 

Әлеуметтік-экономикалық

даму мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2021 жылға арналған

ЖОСПАРЫ

I- тоқсан

1. Шарбақты ауданының аумағын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын орындау туралы.
2. Шарбақты ауданында мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы.


 II- тоқсан

1. 2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
2. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің атқарылуы туралы.

III- тоқсан

1. 2020 жылы «Шарбақты ауданының Орлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы.
2. Шарбақты ауданында шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары туралы.


IV- тоқсан

 

1. Шарбақты ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.
2. Шарбақты ауданының ауылдық округтері бюджетінің 2022 – 2024 жылдарға арналған жобасы туралы.