Шарбақты аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VI сайланған, кезектен тыс ХХVІІ сессиясы)

 

Шарбақты селосы                               № 91/27                    2017 жылғы 20 қазан

 

 

«Шарбақты аудандық

мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің әкімшілік

мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік

куәлігін беру Қағидалары және

оның сипаттамасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы           «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30–бабы 4–тармағына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8–бабы 3–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                            Сессия төрағасы                                                В. Лямцев

                                         

                            Аудандық

                 мәслихат хатшысы                                                 С. Шпехт

 

         Павлодар облыстық Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 31 қазан № 5660 тіркелген.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шарбақты аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20  қазандағы  

 № 91/27 шешімімен    

                    Бекітілген

 

 

«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

 

1–тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30–бабы 4–тармағына сәйкес әзірленген және «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2.  Қызметтік куәлік (бұдан әрі – куәлік) әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аппаратта атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

3. Куәлік осы Қағидалармен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

4. Тиісінше ресімделмеген, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.


2–тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

 

5. Куәлік «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Шарбақты аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

6. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі. Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидалардың                     1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Осы Қағидалардың 6–тармағында көзделген куәлікті ауыстыру кезінде аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысымен бұрын берілген куәлікті қайтарып алады.

3–тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

 

8. Куәлік мұқабасы бумвинилдан жасалған кітапшадан тұрады. Қызметтік куәліктің тысы көгілдір түсті, көлемі 7 х 10 сантиметр, ашып көрсетілген түрінде 7 х 21 сантиметр.

9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен мемлекеттік тілінде «Куәлік» және орыс тілінде «Удостоверение» деген жазу жазылған.

10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын нысанның қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «Павлодар облысы Шарбақты ауданы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, Павлодарская область Щербактинский район государственное учреждение «Аппарат маслихата Щербактинского района» деген қызыл түсті жазулар орналастырылған.

11. Сол жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «Қазақстан» деген жазу, жанында куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады. Одан төмен куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

12. Оң жағында: көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады, Шарбақты аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

 

4–тарау. Қорытынды ережелер

 

13. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

14. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысына үш жұмыс күн ішінде жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

15. Куәлікті   жоғалтудың,  бүлдірудің,  сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша аппараттың басшысы он жұмыс күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

16. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер куәлікті аппараттың ұйымдастырушы бөлімнің басшысына тапсырады. Қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе бүлінген кезде тапсырған куәліктер осы Қағидалардың  2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәліктерді жою және есептен шығаруға актіні жасаумен жоюға жатады.

 

 

 


 

«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасына
1-қосымша

 

Нысан

«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерін беру және қайтаруды есепке алу журналы

 

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Берілген күні

Қызметтік куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

  Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

 

 



 

«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасына
2-қосымша

 

Нысан

 

 

Мемлекеттік мекеменің атауы
     
____ АКТІ

______________________                                                          _________________

                                                   жасалған орны                                                                                    күні        

 

Біз,  төменде  қол қойғандар  (кемінде 3  қызметкерлер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), осы Қағидалардың 16–тармағының негізінде «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымның атауы            

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымның атауы            

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымның атауы            

Қолы

Шарбақты аудандық мәслихатының

 

ШЕШІМІ

 

(VI сайланған, кезектен тыс ХХVІІ сессиясы)

 

 

 

Шарбақты ауылы                               № 90/27                             2017 жылғы 20 қазан

 

 

 

 

 

Шарбақты ауданының

 

Құрмет грамотасымен наградтау

 

Ережесін бекіту туралы 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 1–тармағының 12–3) тармақшасына  сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1.     Қоса   беріліп отырған  Шарбақты ауданының  Құрмет  грамотасымен

 

наградтау туралы Ережесі бекітілсін.

 

2. Осы   шешімнің  орындалуын   бақылау   Шарбақты   аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 Сессия төрағасы                                                                      В. Лямцев

 

                                          

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                 С. Шпехт

 

               

 

        

 

Павлодар облыстық Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 02 қарашада № 5669 тіркелген.

 

 

 

 

 

   Шарбақты аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 қазандағы № 90/27   шешімімен 
  Бекітілген

 

 

 

 

 

Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы

 

Ереже

 

 

 

1­­­­тарау. Жалпы ережелер

 

 

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен нагдартауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

 

2. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

 

3. Аудандық мәслихатына Құрмет Грамотасымен наградтауға ұсынымды аудандық мәслихатының депутаттары,    ауданының әкімі, ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың,   ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары,  ауданының ауыл округтері әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

 

4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты  сіңірген  еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы

 

мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

 

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

 

 

 

2–­­­­тарау. Шарбақты ауданының Құрмет
грамотасының сипаттамасы

 

 

 

5.  Шарбақты ауданының Құрмет грамотасының формасы:

 

          қазақ тілінде: Шарбақты ауданының Құрмет грамотасы;

 

  орыс тілінде: Почетная грамота Щербактинского района.

 

Құрмет     грамотасы   қосымша    жапсырмасы     бар,    сыртқы жағында

 

Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ»    және   орыс   тілінде   «ПОЧЕТНАЯ  ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

 

         Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде «Шарбақты ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «Щербактинский район»  жазулары бейнеленген.

 

         Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.

 

         Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

 

         Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін орын белгіленген.

 

 

 

3–­­­­тарау. Шарбақты ауданының Құрмет
грамотасын тапсыру тәртібі

 

 

 

6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

 

Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.

 

Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

 

7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде наградтаушыға жеке табыс етіледі.  Құрмет грамотасын әкім және (немесе) аудандық мәслихат хатшысы немесе олардың тапсыры бойынша тұлға табыс етеді.

 

8. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Шарбақты аудандық мәслихатының жанында құрылған заңнамалық сұрақтары және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

 

9. Наградтау   бойынша   материалдар  Шарбақты  аудандық мәслихатында сақталады.

 

Шарбақты аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VI сайланған XXV кезектен тыс сессиясы)

 

Шарбақты селосы                               № 87/25                  2017 жылғы 11 қыркүйек  

 

Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15  қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы  мұқтаж

азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін

айқындаудың Қағидаларын

бекіту туралы» № 106/37 шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы  2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы          «Әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген,                2014 жылғы 27 ақпандағы аудандық «Маралды» газетінде, 2014 жылғы              27 ақпандағы аудандық  «Трибуна» газетінде жарияланған)  келесі толықтыру енгізілсін:

осы  аталған  шешіммен  бекітілген  әлеуметтік  көмек  көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

8–тармағының 2) тармақшасында келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

 «осы Қағиданың 7тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын-үйге жөндеу жүргізу үшін 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат,  үй иелігі құқығын растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі негізінде;».

2. Осы    шешімнің    орындалуын   бақылау   Шарбақты     аудандық маслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы, аудандық

      мәслихат  хатшысы

                              

                            С. Шпехт

 

Павлодар облыстық Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 21қыркүйекте  №5627 тіркелген.