Қоғамдық кеңес отырысы

20 сәуірде Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Қалыбаеваның төрағалығымен және ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р. Негманованың қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда бес мәселе қаралды.

Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, майор С.Мұқанов жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлады. Мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік мекемелер жүргізетін жұмыстар туралы қаржы бөлімінің басшысы А. Асаинова баяндады. Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы   Г. Қойбағарова аудандағы коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова Қоғамдық кеңес мүшелерін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы хабардар етті. Осы мәселені қарау бойынша отырысқа осы бағытқа жетекшілік ететін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Е. Оспанов шақырылды.

Барлық қойылған сұрақтарға баяндамашылар нақты жауаптар берді. Отырыстың күн тәртібінде тағы бір мәселе қаралды - аудандық мәслихатпен бірге екі тұрақты комиссияның құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестен заңдылық, әлеуметтік саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияға, сондай-ақ бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссияға 3 адамнан сайланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсене қатысты, сондай-ақ баяндамашыларға осы салалардағы жұмысты одан әрі жандандыру және жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді.

          К. Кокина, қоғамдық кеңес хатшысы

01