Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы

14 желтоқсандағы № 73/19 шешіміне қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ

 

Iтоқсан

 

1. Шарбақты ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру бойынша есебі.

2. Шарбақты ауданы полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

3. Шарбақты аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

 

II – тоқсан

 

1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

2. 2021 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің орындалуы туралы.

3. Кәсіпкерлік қызметті формализациялау бойынша Шарбақты ауданында жүргізілген жұмыстар туралы.

 

III – тоқсан

 

1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру бойынша есебі

2. Сосновка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі есебі.

3. Аудан тұрғындарын жолаушылар тасымалымен, автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысымен, автожолдардың тиісті техникалық жай-күйімен және сумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуімен қамтамасыз ету бойынша «Шарбақты ауданы экономикасының нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы.

  

IV – тоқсан

 

1. 2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.

2. Шарбақты аудандық мәслихатының Бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

3. Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

4. Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

            

 

 

Шарбақты ауданының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған тұрақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету

 ЖОСПАРЫ 

I - тоқсан

 

1.  Шарбақты ауданының ветеринария бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы.

2.  Шарбақты ауданында Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы «Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» № 220/21 шешімін іске асыру барысы туралы.

II - тоқсан

 

1. Жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет туралы.

2. Шарбақты ауданы тұрғындарының денсаулығын нығайту шаралары мен жағдайы туралы.

 

III - тоқсан

 

1. Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жастар арасында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

2. Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

IV- тоқсан

 

1. Шарбақты аудандық мәслихатының шешімдерін орындау туралы.

 

Шарбақты ауданының 2022 жылға арналған аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету

 ЖОСПАРЫ 

 

I тоқсан

 

1. Қайнар мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының жұмысы туралы.

2. Шарбақты ауданындағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мониторингі туралы.

  II - тоқсан

1.  2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

2. 2021 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетінің орындалуы туралы.

 

III - тоқсан

 

1. Шарбақты ауданы аумағындағы объектілерді жөндеу және салу барысы туралы.

2. Әлеуметтік сала нысандарының жылу беру маусымына дайындығы туралы.

  

IV - тоқсан

 

1. 2023-2025 жылдарға арналған Шарбақты ауданының бюджетінің жобасы туралы.

2. 2023 – 2025 жылдарға арналған Шарбақты ауданының ауылдық округтері бюджетінің жобасы туралы.